ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

10 желтоқсан, 2023
  •  Жансейіт Түймебаев «Әл-Фараби» кітапханасында өткен Қытай университеттерінің көрмесіне қатысып, сөз сөйледі. Көрмеде Қытайдың 45-ке жуық ең үздік университеті академиялық қызметі туралы ақпарат беріп, ғылыми жетістіктерімен бөлісті.
  •  Жансейіт Қансейітұлы Наньцзин өнер университетінің вице-президенті Ли Тонгпен және Ухань спорт университетінің Президенті Лю Ванганпен әріптестік байланыс пен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
  • Оқу ордасының ректоры филология ғылымдарының докторы, профессор Жанғара Дәдебаевтың 75 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, мерейтой иесін құттықтады. 
  • ҚазҰУ басшысы Ажинияз атындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық университетінен арнайы келген делегациямен жүздесіп, қос университет арасындағы қарым-қатынастарды дамытудың жаңа басым бағыттарын қарастырды.
  • Жансейіт Түймебаев Швейцарияның Қазақстандағы және Тәжікстандағы төтенше және өкілетті елшісі Салман Балмен кездесті.
  • Жансейіт Қансейітұлы білім ордасының ғалымдарымен кездесіп, ЖОО-ның ғылыми-инновациялық қызметін одан әрі дамыту жоспарын талқылады.
  • Ректор Малайзиядан келген ЖОО-ларының өкілдерін қабылдап, серіктестікті арттыру және академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқытушылар мен студенттер алмасу жұмыстарын жандандыру мәселелерін қарастырды.