Көшбасшылық дәріс

11 желтоқсан, 2023

8 желтоқсан 2023 жылы әл-Фарабиатындағы Қазақ ұлттық университетінде, Парламент Мәжілісінің депутаты, қаржыгер, мецанат Берденов Руслан Арысбекұлы Экономика және бизнес жоғары мектебінің студенттерінекөшбасшылықдәріс оқыды. Руслан Берденов өзінің кәсіпкерлік жолындағы тәжірибесімен бөлісіп, елімізді әлемге танытудыңмаңыздылығы жөнінде баяндады, студент жастарға мотивация беретін қанаттысөздерін жеткізді. Сонымен қатар, “Құмаройындар”(лудомания), “Бизнесте қалай жетістікке жету керек”, “Қазақстан темір жолын дамыту”, “Ұлттық идеяны ұсыну” аясындағы өзекті тақырыптар қозғап, студенттердің сұрақтарына жауап берді. 

    Берденов Руслан Арысбекұлы VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі. 2006 жылы менеджмент мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.  

​Еңбек жолын "Almaty Kus" Сеймар Груп ААҚ-да бастаған, Procter & Gamble LLP бөлшек сауда директоры лауазымында, "EASTCOMTRANS" ЖШС Бас логистикалықүйлестірушісі болып, "Ақ НИЕТ" ЖШС жылжымалы құрамды жалдау бөлімінің бастығы және Бас директоры лауазымдарын атқарды. Сонымен қатар, Бақылау Кеңесінің Мүшесі болып та қызмет атқарған.