«Логистика» мамандығы бойынша «ЛОГИСТИКА МЕН МАРКЕТИНГТЕГІ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» тақырыбында VII Халықаралық студенттік сырттай олимпиада

11 желтоқсан, 2023

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Бизнес-технологиялар» кафедрасы 2023жылдың  1 мен 7 желтоқсан аралығында  «Логистика» мамандығы бойынша «Логистика мен маркетингтегі цифрлық технологиялар» тақырыбында VII халықаралық студенттік сырттай олимпиадасын өткізді.

«Логистика» мамандығы бойынша Олимпиада екі кезеңде өткізілді. VII Халықаралық студенттік сырттай олимпиадаға қатысушыларды тіркеу үшін ЖОО белгіленген нысан бойынша қатысушылардың өтінімін толтырып жіберді. Мамандық бойынша жобалар мен эсселер01.12.2023 жылға дейін ұйымдастырушыларға olimpiada_kaznu2022@mail.ru электронды поштасына жіберілді.

«Логистика» мамандығы бойынша VII Халықаралық студенттік сырттай олимпиадаға қатысу үшін Қазақстан, Ресей Федерациясы, Қырғызстан елдерінің командаларынан барлығы 6 өтінім берілді.

Жіберілген жауаптардың нәтижелері бойынша ең көп балл жинаған командалар іріктелді.

 

VII Халықаралық студенттік сырттай олимпиадасының ұйымдастырушылары келесі жеңімпаздарды құттықтайды!

 

I дәрежелі дипломмен - 1 команда:

1. «Победитель по жизни» командасы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

 

II  дәрежелі дипломмен - 1 команда

1. « Эверест»  командасы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 

 

III дәрежелі дипломмен - 1 команда:

1. « Эвкалипт» командасы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті