«Маркетинг» мамандығы бойынша «ЛОГИСТИКА МЕН МАРКЕТИНГТЕГІ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» тақырыбында VII Халықаралық сырттай студенттік олимпиада

11 желтоқсан, 2023

1-7 желтоқсан 2023 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЭБЖМ «Бизнес технологиялар» кафедрасы «Маркетинг»мамандығы бойынша «Логистика мен маркетингтегі цифрлық технологиялар» тақырыбында VII Халықаралық студенттік сырттай олимпиада өткізді. 

«Маркетинг» мамандығы бойынша VII Халықаралық сырттай студенттік олимпиада екі кезеңде өткізілді. VIIХалықаралық студенттік сырттай олимпиадаға қатысушыларды тіркеу үшін ЖОО белгіленген нысан бойынша қатысушылардың өтінімін толтырылып жіберілді. Мамандық бойынша жобалар мен эсселер ұйымдастырушыларға электронды пошта арқылы жіберілді: olimpiada_kaznu2022@mail.ru 01.12.2023 жылға дейін.

«Маркетинг» мамандығы бойынша VII Халықаралық студенттік сырттай олимпиадаға қатысу үшін Қазақстан, Ресей Федерациясы, Қырғызстан елдерінің командаларынан барлығы 7 өтінім берілді.

Жіберілген жауаптардың нәтижелері бойынша ең көп балл жинаған мамандық бойынша командалар іріктелді.

 

VII Халықаралық студенттік сырттай олимпиаданың ұйымдастырушылары жеңімпаздарды құттықтайды!

 

«Маркетинг» мамандығы бойынша VIIХалықаралық студенттік сырттай олимпиаданың нәтижелері

I дәрежелі диплом

«Эко-Интеллект» командасы, «Нархоз» Университеті

II дәрежелі диплом

«MarkLight» командасы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 

II дәрежелі диплом

«Brand Analytics» командасы, Торайғыров Университеті

III дәрежелі диплом

«Saniteam - команда здравомыслия» командасы,М.Рыскулбекова атындағы Қырғыз экономикалық университеті