РУДН-дағы ( Ресей, Мәскеу) "Әлемдік экономика кеңістігі: идеялар, стратегиялар, өзара әрекеттесу" атты IV Еуразиялық ғылыми мектебіне студенттердің қатысуы

11 желтоқсан, 2023

Мәскеудегі Патрис Лумумба атындағы Ресей Халықтар Достығы университетінің экономика факультетінің халықаралық экономика қатынастары кафедрасында 2023 жылдын 26 қараша мен 2 желтоқсан күндері аралығында өткен IV Еуразиялық ғылыми мектебінің "Әлемдік экономиканың кеңістігі: идея, стратегия, өзара әрекеттесу" жобасына оқытушы Тулебаева Н.Т. жетекшілігімен "Бизнес-технологиялар" кафедрасының 4-курс студенттері Айтджан Ақнұр, Аманбаева Айжан, Каратаев Данияр, Сайлаухан Азамат қатысты.

Студенттер арнайы мамандардан, шетелдік және ресейлік компанияның өкілдерінен, мемлекеттік билік органдары мен халықаралық ұйымдардан сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру және жүргізу бойынша практикалық білім мен дағдыларды алды.