ҚазҰУ БҰҰ-ның 17 тұрақты даму мақсатын белсенді түрде алға жылжытуда: университетте БҰҰ БЖКБ және Қызыл жарты ай қоғамының өкілдерімен кездесу өтті

16 қараша, 2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы Комиссар Басқармасының (БҰҰ БЖКБ) Қазақстандағы Ұлттық кеңсесінің өкілдерімен, Қызыл жарты ай қоғамымен бірлескен кездесу өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты ынтымақтастық орнатуға ықпал ету және DAFI (Альберт Эйнштейннің неміс академиялық босқындар бастамасы) стипендиялық бағдарламасы бойынша студенттердің оқу үлгерімі туралы жан-жақты ақпарат алу болды.

Қазіргі уақытта Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде екі студент DAFI стипендиялық бағдарламасы бойынша білім алуда, бірі ақпараттық технологиялар факультетінде және екіншісі халықаралық қатынастар факультетінде білім алуда.

Екі факультет басшылығының өкілдері – халықаралық қатынастар факультетінің деканы Лейла Деловарова, халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының меңгерушісі Гульнара Байкушикова, ақпараттық технологиялар факультеті деканының орынбасары Бейсов Нұрбол, информатика кафедрасының меңгерушісі. Сатымбеков Мақсатбек – DAFI стипендиялық бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттерінің оқу үлгерімі жайында және олардың университет өміріне қатысуы туралы ақпарат берді.

Кездесу барысында сонымен қатар ҚазҰУ UNAI бағдарламасының БҰҰ-ның жаһандық хабы болып табылатыны және тұрақты дамудың 17 мақсатын алға жылжыту бойынша белсенді жұмыс атқарып жатқаны айтылды.

 

Деловарова Лейла Федоровна,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

халықаралық қатынастар факультеті деканының м.а.

Байкушикова Гульнара Серикбаевна

Халықаралық қатынастар және

әлемдік экономика кафедрасының меңгерушісі