ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ кафедрасының тыңдаушылары ТДМ 11 аясында музейге саяхаттады.
Бұл сапардың басты мақсаты: Ұлттық патриотизммен қатар ұлт деп ұрандаған Қонаев атамыздай ұлы тұлғадан үлгі алумен қатар көне жәдігерлер әлемі мен қазіргі жастар арасындағы құндылықтарынан сусындау осы сапардың негізі болды. Д.А. Қонаев мұражайы екі экспозициялық залдан тұрады. Бірінші экспозициялық зал Д.А.Қонаевтың «Балалық шағы мен студенттік кездері және еңбек жолының басталуы», екінші экспозициялық зал «Д.А.Қонаев саяси және қоғам қайраткер» тақырыбын қамтиды. Дінмұхамед Ахметұлының қызметте өсу баспалдақтары мен қоғам қайраткері ретінде қалыптасу жолы жайлы осы деректер мен тарихи мағлұматтар музейде сақтаулы. «Д.А. Қонаевтың мемориалды пәтер-музейі» көптеген адамдарға есігін ашып ел мүддесі үшін қызмет етіп келеді. Сондай-ақ студенттер мен тыңдаушыларға да. Бұл музей Кеңес үкіметінің кезінде Алматыдағы сәулеттілік жағынан ерекше дараланатын үйлердің бірі болатын.
Бұл сапардың куәсі болған тыңдаушылар мұражайдан кейінгі ұғынған мәліметтері мен Қонаев секілді ұлы тұлғаның жеке өмірінен жан-жақты ақпарат біліскендерін атап өтті. Сапар қорытындысында- қазақ елін Д.Қонаев атамыз сияқты ұлт болашағы үшін ұлы істер жасауды мақсат етті.