ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫ ТДМ 4 аясында әр салада дарынды балаларды топтастырып өнерін шыңдау,талантты балаларға қолдау көрсету мақсатында құрылған стартаптың бірі - "АСЫЛ СӨЗ" деп аталады. Мақсаты: еліміздің рухани құндылықтарының бірі саналатын сөз өнерінің құдіретін таныту. Көсем сөздің әр мерекенің жаны,сәні екені белгілі. Университетте және басқа да елімізде болып жатқан айтулы мерекелерде жас ақындардың жүрекжарды жылы лебізі мен тамаша поэзиялық шығармаларын, қара сөздерін нақышына келтіре оқу шараның маңызын арттырады. Біз ата-бабалар мұрасын насихаттауды,олардың ұрпаққа қалдырған асыл сөздеріне үн қосуды басты парызымыз деп білеміз. Факультеттің талантты жастары жиналып, алдағы шараларға дайындық жасап жатыр. Солардың бірі- Қазақстан халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 101жылдығына арналған мерекелік шара. Әдеби кешке тобымыздың талантты жастары өз туындыларын оқиды,шығармаларынан ұлағатты сөздер айтады,сондай-ақ сүйікті ақындарының шығармаларынан жырдан шашу шашып, төл тіліміздің мерейін асырар шығармаларды ұсынбақшымыз.
“АСЫЛ СӨЗ” СТАРТАП ТОБЫ.
Жетекшісі: Ж.С.Әділханова
ТОП МҮШЕЛЕРІ:
1.Жақыман Жанболат (24-топ. Ақын)
2.Мардан Ықылас (24-топ.Мәнерлеп оқу)
3.Меней Ербала (24-топ. Мәнерлеп оқу)
4.Жандос Орын 24-топ. Мәнерлеп оқу)
5.Қуатбек Айткүл(24-топ.Мәнерлеп оқу)
6.Арлан Еркеш (10-топ. Мәнерлеп оқу)
7.Мөлдір Нұрлан(24-топ.Ақын)