- Басты бет
- Жаңалықтар
- Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы "салауатты өмір салтын" әрдайым ұстанады
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы "салауатты өмір салтын" әрдайым ұстанады
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ тұрақты даму мақсаттары (ТДМ 3) және «Өлкетану», «Парасат» клубтарының аясында ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 25-26-15 топ тыңдаушылар арасында «Спорт денсаулықтың кепілі» атты ұранымен Медеу мұз айдынында конькимен мұз үстінде мәнерлеп сырғанап, 800 сатылы баспалдақды бағындырып саяхаттап қайтты. Бұл спорттық шараның басты мақсаты болашақ дене шынықтыру пәнінің мамандығына баратын тыңдаушыларға спорт саласына алғашқы қадамы және шетелден келген тыңдаушылардың қоғамға үйренісу, салауатты өмір салтын насихаттау.
Медеу мұз айдынындағы жарыстың жалғасы Өлкетануға саяхат жасаумен ұласты. Медеудің төбеден көрінген керемет көркем табиғатын тамашалап көңілді демалыстан рухани азық алған шетелдік тыңдаушылар Атамекенге деген сағыныштарын ән мен өз туындыларын арқау етіп жырмен жеткізді.