Шетелдік студенттер өлкетануға саяхаттауда

6 желтоқсан, 2023

    Алматыдағы мәдени-тарихи ошақтарының бірі мұражайлар екені сөзсіз. Осыған орай ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ «Рухани жаңғыру» апталығы, «Өлкетану» клубы және тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ-11)аясында ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ  тыңдаушылары мұражайларға саяхатқа шықты.
Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы Ғимарат сыртында Әбілхан Қастеевтің тастан қаланған мүсіні тұр. Мұражай іші кең, жарық, жерге ақ мрамор төселген.Екінші қабатқа көтерілген бойда көзге таныс, көңілге ыстық қазақтың ұлттық ер- тұрманы, алдаспан қылыштар, текемет, тұскиіз, кебеже,кесеқап түрлері, сәукеле , қалыңдық көйлегі т.б қойылған. Келесі залдан бастап көркемсурет туындыларының көрмесі басталады. Музейдің қоры өте бай екен. Бұл жерден Қазақстанның, Ресейдің, Еуропаның, Американың, Шығыс елдері халықтарының  кескіндеме,графика, сәулет өнерінің баға жетпес жұмыстары бар. Музейдің  экспозициясы әрбір халықтың мәдени байлығы мен ерекшелігін көрсететін экспонаттар арқылы әлемдік өнердің негізі мен даму сатыларын байқауға болатын тарихи хронологияға негізделген. Жан- жағыңнан қоршаған картиналарға қарап, әр уақыттың тыныс- тіршілігіне куә боласың. Өлкетанудың тарихы осындай жәдігерлерге толы екен көрген тыңдаушыларда қуанышты күйде. Атамекенге келген қандастар осындай мәдени-тарихи іс-шаранын болып жатқанына ризашылықтарын білдіруде