«Өнер – білім бар жұрттар» атты іс шарасы

4 желтоқсан, 2023

ТДМ-9. Индустрияландыру, инновациялар, инфрақұрылым. 
Тақырыбы: «Өнер – білім бар жұрттар» атты іс шара. 
Өткен орны: ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті, оқу залы
Уақыты: 04.12.2023 ж. сағ.12.00
Мақсаты: стартап жұмысымен таныстыру
Бүгінгі таңда білім берудің негізгі мақсаты – білім алушының тек қана білімін, біліктілігін, дағдысын қалыптастыруға қол жеткізу ғана емес, ұлттық тәрбие негізінде ертеңгі қоғамның белсенді азаматын қалыптастыру. Бұл дегеніміз – ата-бабаларымыздан келе жатқан ұлттық санамызда, рухымызда, болмысымызда өзіндік қолтаңба ретінде қалыптасқан ұлттық өнерімізді насихаттау.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында құрылған «Жас шебер» қолөнер стартабының басты мақсаты да осы. Ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан ұлттық өнерімізді ұмытпай, келесі ұрпаққа аманат етіп жеткізу, ұлттық мәдениетте өзіндік орнын көрсету және де мүмкіндігінше қазақ сәндік қолөнерінің өзіне ғана тән құндылықтарын, халықтың мінез-құлқын көрсете білу. Үйірме бағыты бойынша жұмыс жасай отырып, тыңдаушылар бос уақыттарын үнемді пайдалануға, адамдардың тұрмыстық сұранысын қамтамасыз ететін қолөнер бұйымдарын даярлаудың ең тиімді әдістерін меңгеруге дағдыланады. «Өнер – білім бар жұрттар» атты іс шарамыздың мақсаты стартапқа мүше болған шеберлерімізге жылдық жоспарымызды таныстыру