ҚазҰУ самбошылары топ жарды

12 желтоқсан, 2023

2023 жылдың 8-11 желтоқсан аралығында Шымкент қаласында спорттық және жауынгерлік самбодан 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті.

Тартысты додада Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың екі спортшысы топ жарып, жүлдегерлер қатарынан көрінді.

География және табиғатты пайдалану факультеті «Жерге орналастыру» мамандығының 4-курс студенті Ертас Әлфараби 2-орынға ие болды.

Медицина және денсаулық сақтау факультеті «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының  4-курс студенті Нұрлан Бижанов 3-орын алды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі