ҚазҰУ-да үздік мамандар марапатталды

12 желтоқсан, 2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Тәуелсіздік күні қарсаңында «Ең үздік маман-2023» байқауының қорытынды жиыны өтті.

Үздік мамандарды марапаттау салтанатында ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағының төрағасы Талғат Мекебаев байқаудың мақсаты үздік қызметкерлерді анықтау ғана емес, оларды әлеуметтік және моральдық қолдау екенін атап өтті.

2023 жылдың ең үздік маманы атағы үшін 24 адам бақ сынасты. Олардың ішінде барлық факультеттердің өкілдері – кафедралардың, деканаттардың, зертханалардың мамандары бар. Биылғы жылы байқауға академиялық мәселелер, Ақпарат және коммуникация, IT-инфрақұрылымды дамыту, өндірістік қамтамасыз ету, ғылыми кітапхана және арт-орталық департаменттерінің өкілдері қатысты.

Жүлделі орындарға ие болған конкурсқа қатысушылар ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағының құрмет дипломдарымен және жүлделерімен марапатталды.

Кәсіподақтың әлеуметтік желілеріне қатысушылардың еңбек қызметі туралы бейнероликтер жарияланды. Жеңімпаздар «лайк» санымен, сондай-ақ ең жақсы пікірлермен анықталды. Нәтижесінде ҚазҰУ-дың 24 үздік маманы анықталды. Олар: биология және биотехнология факультетінің жетекші маманы  Әтіркүл Әкімбекова, география және табиғатты пайдалану факультетінің жетекші маманы Айнұр Бейсенова, журналистика факультетінің маманы Жанат Сейтжанова, жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің маманы Әсел Асылбек, механика-математика факультетінің маманы Жаңылкүл Тұрарова, ақпараттық технологиялар факультетінің маманы Сәуле Дәулетова, шығыстану факультетінің маманы Диана Атаманова, халықаралық қатынастар факультетінің маманы Меруерт Шайхынова, экономика және бизнес жоғары мектебінің жетекші маманы Жанна Нүсіпбаева, медицина және денсаулық сақтау факультетінің жетекші маманы Динара Танысбекова, физика-техникалық факультетінің жетекші маманы Еркін Ақтаев, химия және химиялық технологяилар факультетінің жетекші маманы Надежда Тен, заң факультетінің жетекші маманы Лятифа Нусіпова, тарих факультетінің жетекші маманы Айым Мақсұтова, филология факультетінің жетекші маманы Диана Тұрлықұл, ақпарат және коммуникациялар департаментінің маманы Назерке Серікбаева, философия және саясаттану факультетінің жетекші маманы Гаухар Еркімбекова, АТ-инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету департаментінің қызметкері Жаңылған Жамалова, академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің жетекші маманы Нұргүл Чигамбаева, АРТ-орталығының Вокал үйірмесінің жетекшісі Фариза Ещанова, Әл-Фараби кітапханасының маманы Бейбіткүл Бименова, өндірістік қамтамасыз ету департаментінің бас маманы Кайрат Лесбеков, Әл-Фараби кітапханасының коменданты Күміс Калмаханова, өндірістік қамтамасыз ету департаментінің қызметкері Аққыз Айжігітова.

Үздік мамандарды құттықтаймыз!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі