ҚазҰУ студенті Newsky Award сыйлығының иегері атанды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің студенті Алина Костина Newsky Award журналистері арасындағы III халықаралық сыйлықтың «Үздік жас журналист» номинациясына ие болды.
Newsky Award журналистеріне арналған жыл сайынғы халықаралық сыйлыққа 4000 жас маман қатысты. Оның 23-і сегіз номинацияда жеңіске жетіп, 65-і әртүрлі аталымдар бойынша марапатталды.
Номинанттар тізіміне ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің ең жас журналист-студенті Алина Костина енді. Жас тілші байқауға Семей интернатындағы көздері нашар көретін балалардың жағдайы туралы материал ұсынған. Мақалада мүгедектерге қатысты өткір де өзекті мәселелер көтерілген.
Марапаттау рәсімінде Семей қаласынан келген нашар көретіндерге арналған мектеп-интернаттың балалар шығармашылық ұжымы жиналғандар алдында өнер көрсетті.
Лариса Нода,
Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының аға оқытушысы