Екінші Халықаралық жапонтанушы-студенттердің форумы
2023 жылдың 12 желтоқсанында Климент Орхидски атындағы София университеті (Болгария), Чанаккале университеті (Туркия), Москва қалалық педагогикалық университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің арасында халықаралық форум өтті. Бұл форум екінші рет өткізіліп отыр. Осы жылы өткен форумның тақырыбы «Мені таңғалдырған Жапония» болды. Төрт мемлекеттің студенттері жапон тілін оқу барысында тілі, мәдениет, тарих, дәстүрде өздеріне таңсық болған заттар жайлы жазды.
ҚазҰУ дың Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының 3 курс студенттері қатысып, «Мені таңғалдырған Жапония» тақырыбында презентация дайындап, өз ойларын ортаға салды. Әр топ өз презентацияларын көрсеткеннен кейін, презентация бойынша сұрақтар қойылып, пікір алмасу болды. Қиыр Шы,ыс кафедрасы жапонтану бөлімінің студенттері Жапонияда өздерін таңқалдырған – жапондардың аға буын мен кіші буын арасындағы қарым-қатынас, Жапониядағы тазалық, дәстүрлі тағамдары жайлы айтты.
Студенттер өз жұмыстарын талқылап болғаннан кейін оқытушылар, қатысушылар форумға қатысты өз пікірлерін айтты. Әр презентациядан алған әсерлерімен бөлісті.
Студенттерге жапон тілін оқуда мұндай тәжірибелердің әсері мол. Студенттер тарапынан жапон тілі арқылы Жапония мен өз елдері арасындағы байланыстырушы ғана емес, жапон тілін қолданып, басқа да елдермен қарым-қатынас жасауға болатынын, жапон тілінің оларға берер мүмкіндіктерін сезіндік деген пікірлер де айтылды.
http://japanese.egitim.comu.edu.tr/archive/news/2nd-international-japanology-students-forum-r77.html