- Басты бет
- Жаңалықтар
- ХҚФ басшылығы мен Ланчжоу университетінің халықаралық қатынастар және саясаттану мектебінің делегациясы арасында кездесу
ХҚФ басшылығы мен Ланчжоу университетінің халықаралық қатынастар және саясаттану мектебінің делегациясы арасында кездесу
2023 жылдың 11 желтоқсанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде, ХҚФ басшылығы мен Ланчжоу университетінің халықаралық қатынастар және саясаттану мектебінің делегациясы арасында кездесу өтті. Бұл кездесу мектеп өкілдерінің Қазақстанның университеттері және ғылыми орталықтарымен серіктестік орнатуға бағытталған сапарының бір бөлігі болды.
Кездесу барысында қытайлық әріптестер қазақстандық ғалымдардың зерттеулері мен ғылыми қызығушылықтарымен танысуға, олармен пікір алмасуға, Қытай бойынша отандық зерттеулерді зерделеуге және Қазақстандағы қытайтанушылармен байланыс орнатуға мүдделі екендігін жеткізді. Шетелдік қонақтар студенттермен, оқытушылармен алмасу және бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мүмкіндіктерін талқылауды да ұсынды
Өз тарапынан декан Л.Ф. Деловарова басқарған халықаралық қатынастар факультетінің өкілдері нәтижелі ынтымақтастыққа нақты қадамдар жасау туралы ұсыныстарын айтты. Пікір алмасу барысында тараптар екі елдің халықаралық қатынастар мамандары мен саясаттанушыларының өзара тиімді серіктестікке бірдей ынталы екендігі туралы түсінікке келді. Халықаралық қатынастар және саясаттану мектебі 3 негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді: халықаралық қатынастар теориясы, Орталық Азия және Шанхай ынтымақтастық ұйымы және терроризмге қарсы күрес бойынша зерттеулер. Бұл бағыттар ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің ғалымдарының да назарында, бұл факультеттің халықаралық жобаларын ауқымын кеңейту үшін жаңа перспективалар ашады. Кездесу нәтижесінде тараптар әріптестік орнату туралы іргелі мәмілеге келіп, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, білім және идеялар алмасу, оқытушылар және студенттермен алмасу секілді бағыттар бойынша нақты қадамдарды талқылауға келісті.