Дарынды студенттің жеңісі

8 желтоқсан, 2023

2023 жылы 8 желтоқсан күні «Ақ жол» демократиялық партиясының ұйымдастыруымен Астана қаласында Алаш идеясы мен мұрасын насихаттауға арналған «XXI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» жалпыұлттық байқауының ақтық кезеңі өтті. Байқауда екі жүзге тарта жас үміткердің ішінен төрт номинация бойынша үздік атанған 14 талапкер өзара бақ сынады.

Байқауға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының 2-курс студенті Жахангер Дарын Асфандиярұлы қатысып, «Алаштың әлеуметтік-саяси идеясы және оның қазіргі Қазақстандағы сабақтастығы» номинациясы бойынша жүлделі ІІ орынға ие болып, ұстаздарының мерейін үстем етті.

Тарих факультетінің ұжымын жетістіктерімен құттықтаймыз!