«Мемлекеттің әлеуметтік саласын дамытуды басқарудың заманауи трендтері: мәселелері мен болашағы» дөңгелек үстел

13 желтоқсан, 2023

2023 жылғы 12 желтоқсанда ЭжБЖМ Менеджменткафедрасы әлеуметтік саланы дамытудың негізгіүрдістерін талқылау мақсатында "Мемлекеттіңәлеуметтік саласын дамытуды басқарудыңзаманауи трендтері: мәселелері мен болашағы" атты Халықаралық ғылыми-практикалық дөңгелекүстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстел жұмысынаБелгород мемлекеттік университеті Шекараынтымақтастығы және интеграция институтыныңдиректоры В. А. Сапрыка (Ресей), Мукимиатындағы Қоқан мемлекеттік педагогикалықинститутының Мектеп менеджментікафедрасының меңгерушісі Х. А. Устаджалилова(Өзбекстан), Низами атындағы Ташкент мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттері, "Жастар" ғылыми-зерттеуорталығының директоры, Жоғары білім жәнеғылым Министрінің Кеңесшісі А.А. Ерниязова, Алматы қаласы әлеуметтік инноваторларқауымдастығының төрағасы К. М. Маненова, Менеджмент кафедрасының оқытушылары, докторанттары мен магистранттары қатысты.   Қазіргі кезде әлеуметтік Тұрақты даму мақсаттаререкше мәнге ие болатыны белгілі. ӘлеуметтікТДМ-ға қол жеткізу экономикалық жәнеэкологиялық ТДМ-ға қол жеткізуге әсер етеді. Бүгінгі таңда білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жастар саясаты және т. б. мәселелеріне назар аудару өте маңызды. Дөңгелекүстелге жиналған ғалымдар мен практиктерәлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруарқылы халықтың өмір сүру деңгейін арттырумәселелерін, жастар саясаты, білім беру, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту және т. б. мәселелерді талқылады. Дөңгелек үстелдің резолюциясы әлеуметтік жаңғыртудыңұсынымдары мен негізгі бағыттарын қамтиды.