Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушыларымен бірге тұрақты даму мақсаттарын насихаттау
мақсатында ҚазҰУ-қалашығында орналасқан кітапханада «әл – Фараби – екінші ұстаз» атты іс- шара өтті.
Шараның мақсаты – жастардың бойындағы патриоттық рух қалыптастыру. Жастарды өнер-білімге бағыттау,бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу. Білімге құштарлығын ояту. Әл-Фарабидің өнегелі өмір жолымен, ғылыми еңбектерімен таныстыру. Тыңдаушылар әл-Фарабидің өмірімен таныстыра отырып, ұлы ғұламаның ғылымның әр саласының дамуына қосқан үлесін зерделеді. Университетіміздің 90 жылдығына орай, өткізіліп жатқан шараның бірінде Фарабидің айтып кеткен нақыл сөздерін оқып, еңбектерімен танысты.
Тыңдаушылар әл-Фарабидің балалық шағынан бастап, ғылымдағы жолы, мұра етіп қалдырған еңбектерімен танысты.
Ал-Фарабидің неліктен әлем дәрежесінде 2-ші ұстаз аталатыны туралы білімге
қанық болды. Іс- шарада отандасымыз аль-Фараби туралы шетелден келген жастарға таныстырып, ол кісінің қызықты да тарихқа мол өмір жолы әңгіме барысында өрнектелді.