- Басты бет
- Жаңалықтар
- Орнықты даму мақсаттары: «Сапалы білім». "Биология, медицина және фармацияны дамыту перспективалары"
Орнықты даму мақсаттары: «Сапалы білім». "Биология, медицина және фармацияны дамыту перспективалары"

2023 жылғы 6-9 желтоқсан аралығында «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ қабырғасында «Жас ғалымдар мен студенттердің алғашқы халықаралық форумы» өтті. Жас ғалымдар форумы-бұл әртүрлі елдердің ғылыми қызметкерлері, ғалымдары мен білім алушылары арасында білім, дағды, тәжірибе алмасуға бағытталған коммуникациялық алаң. Форумның басты мақсаты-әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас ғалымдардың ғылыми жетістіктерімен алмасу үшін платформа құру, жас зерттеушілерді алаңдататын ең өзекті мәселелерді талқылау және жастар арасында ғылыми білімнің таралуына ықпал ету болды.
Форум аясында келесі іс-шаралар өткізілді:
1. "Биология, медицина және фармацияның даму перспективалары" атты жас ғалымдар мен студенттердің X Халықаралық ғылыми конференциясы.
2. Хирургиялық пәндер бойынша бірінші халықаралық олимпиада.
3. Ғылыми жобалар байқауы.
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі Кеңес пен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы 2023 жылғы 7-8 желтоқсанында Шымкент қаласында "Биология, медицина және фармацияны дамыту перспективалары" атты жас ғалымдар мен студенттердің X Халықаралық ғылыми конференциясын ұйымдастырды. Конференция барысында жас зерттеушілер арасындағы өзара іс-қимыл мен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға баса назар аударылды. Қазіргі заманғы зерттеулердің ең өзекті бағыттары талқыланды, сондай-ақ оларды одан әрі дамыту жолдары белгіленді. Конференция үш бағыт бойынша жұмыс істеді: "Денсаулық сақтау және биология ғылымдары", "Фармацияның өзекті мәселелері" және "гуманитарлық және техникалық ғылымдар".
"Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығының 4-курс студенті Байсынов Нұрлан "Денсаулық сақтау және биология ғылымдары" бөлімі бойынша конференцияға қатысып, "Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың қазіргі экологиялық-гигиеналық және эпидемиологиялық аспектілері"секциясы бойынша 1-ші орынды иеленді. Ғылыми жетекшісі: қауымдастырылған профессор Кошкимбаева Сабира Абдыманаповна. Біз Байсынов Нұрланды кезекті жеңісімен құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз.
Басқа жаңалықтар


