«ТМД-ның үздік студенті» ҚазҰУ-да оқиды

14 желтоқсан, 2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті география және табиғатты пайдалану факультетінің 3-курс студенті Құмарова Дильназ  «ТМД-ның үздік студенті – 2023» халықаралық байқауында жеңімпаз атанып, арнайы төсбелгімен  марапатталды.          Білімді, алғыр студент  өткен жылы «ҚР үздік студенті» байқауында үздік деп танылған болатын.

Дильназ Құмарова оқудан бөлек, спорт саласында елеулі жетістіктерге жетіп, бірнеше додада топ  жарған. 2022 жылдан бастап джиу-джитсудан Қазақстан ұлттық құрамасына кірді. Дильназ бразилиялық джиу-джитсудан күлгін белбеу иегері. As Mansur Team спорт клубынан шыққан тұңғыш және жалғыз әлем чемпионы. UWW ережесі бойынша Азия,  Ne-waza ережесі бойынша Қазақстан Республикасының бес дүркін чемпионы. Грекияның Крит аралында өткен әлем чемпионатының алтын жүлдегері, әйелдер арасында Бахрейнде өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері.

Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің білім алушы жастары арасында өткізілетін «ТМД-ның үздік студенті» халықаралық байқауының ұйымдастырушылары – «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы және Үздік студенттер академиясы.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі