Токио университетінің профессоры Кимитака Мацузатоның дәрісі

11 желтоқсан, 2023

ТДМ. 4 Сапалы Білім

Тарих факультетінде 2023 жылғы 11-22 желтоқсан аралығында Дүниежүзілік тарих, тарихнама және деректану кафедрасының ұйымдастыруымен Токио университетінің (Жапония) профессоры Кимитака Мацузатоның дәрістері өтеді. Басқа империялармен салыстырғанда империология, бюрократия, Ресей империясының тарихы туралы дәрістер докторанттар мен магистранттарға арналған. Профессордың дәрістері мен тәсілдері студенттер арасында қызығушылық тудырады және белсенді талқылаулар мен пікірталастар форматында өтеді. Профессор Кимитака Мацузато сонымен қатар біздің 2 курс докторанты А. Құрбанбайдың шетелдік кеңесшісі болып табылады.