ҚазҰУ мен Баку мемлекеттік университеті серіктестікті дамытады

14 желтоқсан, 2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Әзірбайжандағы Баку мемлекеттік университеті ректорының кеңесшісі Шабнам Сафарова арнайы жұмыс сапарымен келді.

Құрметті қонақпен Халықаралық ынтымақтастық және интернационалдандыру департаментінің директоры Салтанат Жакубаева кездесіп, ғылыми ынтымақтастықты дамыту бойынша өзара пікір алмасты.

Салтанат Жакубаева Шабнам Сафароваға ҚазҰУ-ға келгені үшін алғыс білдіріп, оқу ордасының жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар өз сөзінде департамент директоры екі жоғары оқу орны арасындағы қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Өз кезегінде Шабнам Сафарова  Баку мемлекеттік университеті ректорының сәлемін жеткізіп,  ҚазҰУ-мен серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екендіктерін жеткізді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі