Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ғалымдарымен «Жасыл өсу контекстінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи, экономикалық және әлеуметтік-шаруашылық жүйелерін орнықты дамыту: кешенді талдау, концепция, болжамдық бағалау және сценарийлер» тақырыбы бойынша мегажобаны талқылау

12 желтоқсан, 2023

08.12.23 ж. География және табиғатты пайдалану факультеті, тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушылары б.ғ.к. доцент Б.Е. Шимшиков және б.ғ.к. доцент Г.А. Мұқанова және профессор Б. Мұхамбетов "Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті" КЕАҚ Басқарма мүшесімен, ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры К.М. Утепкалиевамен және жаратылыстану және ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің деканы PhD Кабиев Кабан Сырымұлымен. кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында «Жасыл өсу контекстінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи, экономикалық және әлеуметтік-шаруашылық жүйелерін орнықты дамыту: кешенді талдау, концепция, болжамдық бағалау және сценарийлер» тақырыбы бойынша мегажоба мақсатымен міндеттері талқыланды және қоршаған орта мен топырақ жамылғысының жай-күйі, өндірістік қызметтің топырақтың ластануына әсері мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі және теңіз түбіндегі эрозиялық процестер мәселесі талқыланды. Проректор К.М. Утепкалиева жоба бойынша алдағы зерттеу жұмыстарына қолдау білдіріп, осы зерттеулердің қажеттілігі мен маңыздылығын атап өтті.