ҚазҰУ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында студенттік байқау өтті
2023 жылғы 8 желтоқсанда «Үздік эссе», «Үздік сурет», «Үздік бейнеролик», «Үздік өлең» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды. Бұл байқауды «Мемлекет пен құқық, конституциялық және әкімшілік құқық теориясы мен тарихы» кафедрасы Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментімен бірге және «Маңғыстау әуендері» қоғамдық қорының және Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының қолдауымен ұйымдастырды.
Іс-шара көрнекті ғалым, заң ғылымдарының докторы, профессор Г.Р. Үсейінованы еске алуға арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында өткізілді.
Конкурстың мақсаты білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықты қабылдамайтын ортаны қалыптастыру болып табылады.
Байқауға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің дарынды студенттері құқықтық пәндер оқытушысы Ш.Р. Рахымжанованың жетекшілігімен қатысқанын мақтанышпен хабарлаймыз.
Байқау қорытындысы бойынша келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:
Үздік эссе: Әділ Маратов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің студенті.
Үздік сурет: Диана Алабаева, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің студенті.
Үздік бейнеролик: Жанель Әбуғалиева,Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің студенті.
Үздік өлең: Томирис Илиева, Мәскеу инженерлік-физика институтының студенті
Студенттердің жұмыстары бірегейлігімен, ой тереңдігімен және көркемдік шеберлігімен ерекшеленеді. Олар қоғам санасын қалыптастыруда өнер мен әдебиеттің маңыздылығын көрсете отырып, мәдениет пен ғылымның дамуына елеулі үлес қосты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы берік иммунитет қалыптасқан ұрпақ өсіп келеді деп айтуға болады, олар бұл зұлымдықты қабылдай да, түсіне де алмайды.