Алматы қаласының тарихы болып саналатын Алматы қаласының мұражайына саяхат. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында әлемнің түрлі елдерінен келген студенттер білім алуда. Олар Қазақстанға, Алматы қаласына алғаш рет келген. Әрине, олар біздің қаланы жақсы білмейді. Сонымен, топтардың эдвайзерлері сабақтан тыс уақытта шетелдік студенттерімен көбірек уақыт өткізуге тырысады және оларға Оңтүстік астанамыздың тарихы туралы айтуға, студенттерге бос уақыттарын пайдалы, қызықты өткізу үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырады. 18 қараша күні Р.С. Туребекова мен К.С. Якубаева Алматы қаласының мұражайына 11 және 13-топ студенттермен бірге саяхатқа барды. Студенттерге экскурсиядан мол мағлұмат алды.