Қаракөз қойылымы

16 желтоқсан, 2023

Әр елдің өзін өзгелерден ерекшелейтін мәдениеті мен әдебиеті, салт-санасы мен тарихы, рухани дүние танымы бар екені даусыз. Болашақ қоғамды тұрақты дамытудың ТДМ 4-ші мақсаты - «Сапалы білім беру» бойынша,  рухани кемелдену және ТДМ 11-ші мақсаты - «Қаракөз» негізінде өнер мен мәдени мұраны жергілікті деңгейде арттыру мақсатында 2 курстың 6В04103 Экономика, студенттері қараша айының 25-ші жұлдызында «Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында» «Келіндер көтерілісі» қойылымын тамашалады.  Театр - мәдениет пен өнер алаңы. Театр әлемі ұғымының бойында халықтың мұңы, қоғамның әлсіз тұстарының мәселелері ешқашанда ұмыт қалып көрмеген. Ойын-күлкісі аралас, қайғысы мен мұңыда бар қойылым театр сүйер қауымға есткен кетпес ерекше эмоциялар қалдырды. Рухани ой-сезім күйлерінің бір-бірімен өзара ұштасуын, оған қоса спектакльді жасаушылар мен көпшілік қауымның арасындағы жалпы мақсаттың ортақ болып, бір арнадан шығуын талап ететін қасиетті сахна көпшілік көрерменге  ой салды.

Ұйымдастырушылар: Кулиев И.У., Бейсенбаев Ж.Т., Тураров Д.Р.