Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының куратор-эдвайзерлері студенттермен тәрбие іс-шарасын өткізді, онда тыңдаушылар осы мемлекеттік мерекенің мәні мен тарихы туралы орыс, қазақ, қытай, жапон, филиппин тілдерінде айтып берді. Оқытушылар студенттердің сұрақтарына жауап беріп, тәуелсіздік алғаннан бері еліміз қандай кезеңдерден өткенін әңгімеледі. «17-Тұрақты даму үшін серіктестік» мақсаты аясында өткен іс-шара, шетелден келген тыңдаушыларды тың деректерімен қызықтырды. Елдердің өзара ынтымақтастығы олардың ұлттық, халықаралық деңгейде өзара тұрақты дамуына ықпал ететіні белгілі.
Басқа жаңалықтар
22 қараша, 2024
22 қараша, 2024
21 қараша, 2024