ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

18 желтоқсан, 2023
  • Жансейіт Түймебаев ҚазҰУ қалашығы құрылысының ІІ кезеңін іске асыру аясында әрқайсысы 1060 орындық, жалпы 3180 орынға арналған заманауи үш жатақхана құрылысының іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Жаңадан бой көтеретін жатақханалар Президент тапсырмасымен, ҚР Үкіметінің қолдауымен жүзеге асып отыр.   
  • Ректор Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Цифрлық даму дәуіріндегі ғылыми зерттеулер мен білім беру саясаты» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел отырысына қатысып, сөз сөйледі. Өз сөзінде Жансейіт Түймебаев  Түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор Нұрсұлу Шаймерденованы мерейлі жасымен құттықтады. 
  • Оқу ордасының басшысы Шыңжаң медицина университетінің делегациясын қабылдап, ынтымақтастық бағыттарын талқылады.
  • Жансейіт Қансейітұлы барша қазақстандықтарды еліміздің ең басты мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.