Арал теңізі мәселесі жөніндеFarabi University

Арал теңізі мәселесі жөнінде

13 желтоқсан, 2023

ТДМ 14 «Теңіз экожүйелерін сақтауға» сәйкес теңіз, су ресурстарының қолайлы ортасы климаттың өзгеруін тежеп, құрлықтағы өмірдің  тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Осыған орай, 13 желтоқсан күні шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары Қазақстан Президенті Қ. К. Тоқаевтың Дүниежүзілік климаттық саммитте сөйлеген сөзіне байланысты танымдық-тәрбиелік іс-шара өткізді. Тәлімгерлер шетелдік студенттерге Арал теңізінің проблемалары туралы айтып, олардың пайда болу себептеріне және осы аймақтағы барлық елдердің күш-жігерімен тез арада шешу қажеттілігіне тоқталды.