15.12.2023ж. Түркітану және тіл теориясы кафедрасының 4-курс студенттерімен алдағы болатын «Педагогикалық практикаға» байланысты кафедра меңгерушісі Р.А. Авакова, оқу-ісі бойынша орынбасары Б.Б. Ешметова және практикаға жауапты Ж.Ж. Әбікенова іс-шара өткізді. Кафедра биылғы жылы Алматы қаласындағы белді тіл оқыту «Study Room» орталығымен келіс-шарт жасасты. Бұл орталықта ағылшын, француз тілдері оқытылады. Заманауи әдістемелік құралдармен жабдықталған оқу орталығында студенттерге барлық жағдай жасалады. Бұл қткізіілген іс-шара кафедрамыздың «ЦУР» тақырыбы «Сапалы білім беру» бағытында жүргізілген жұмыстар аясына жатады. Студенттерімз жан-жақты дамыған өз мамандықтарының шебері болу үшін оларға педагогикалық практика өте маңызды болып табылады. Студенттерімізге әркезде сапалы білім беріп қана қоймай, сол алған білімдерін практика жағынанан да жақсы өтулерінде үнемі қадағалаудамыз.