Пікірталас «Террорлық әрекеттердің белең алуы неліктен?»

23 қараша, 2023

Жер-жаһанда орын алған террорлық әрекеттер жаңа ғасырда белең ала бастаса да, әлемнің біраз мемлекетін қан қақсатып үлгерді. Сол себепті осы террорлық әрекеттердің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөнінде бағдарламалар  құрылған.

23. 11. 2023 ж. химия және химиялық технологиялар факультетінің физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының оқытушылары  Искакова Р. А., Смағұлова Н. Т. және докторант  Б. Кенжеев ТДМ 16 «Террорлық әрекеттердің белең алуы неліктен?» пікірталас өткізді.

Іс-шара кезінде студенттер өз ойларын осы сұрақтар бойынша айтты:

- діни секталардың таралуы;

- ашық дипломатиялық саясатымызды пайдаланып, заңсыз секталардың енуі;

- террористік іс - әрекеттер.

 

Физикалық химия, катализ және мұнай химия кафедрасының оқытушылары  Смағулова Н. Т.,  Искакова Р. А.