ҚазҰУ-да экономика мамандықтары бойынша олимпиада аяқталды
Экономика және бизнес жоғары мектебінде "Менеджмент және маркетинг" кафедрасының ұйымдастыруымен "Мемлекеттік және жергілікті басқару" және "Менеджмент", "Маркетинг" мамандықтары бойынша "Инновациялық идеядан іс-әрекетке" атты студенттік олимпиадасы өтті.
Дәстүрлі байқауға биыл 120-дан аса студент белсенділік көрсетті. Тың идеялар мен ізгі бастамаларға толы байқау алғашқы бөлімнің өзінен-ақ қыза түсті. Олимпиада жайында э.ғ.д., профессор Қарлығаш Сапарқызы: "Дәстүрлі шараның ел жастарына берері мол. Әсіресе, экономика саласын таңдап отырған студенттер үшін бұл олимпиаданың орны ерекше. Студенттер өздерінің тың жобаларын ұсынып отыр. Қазір кретивтілікті талап ететін заман. Заман ағымына сай өз мамандығына адал болып, тыңнан түрен салып, іске көшу, азматтықпен қоса, жігерлі жастықтың тамаша көрінісін сипаттайды",-деп толғаныспен пікір білдірді.
Қазылар-алқасының шешімі бойынша дәстүрлі олимпиада өз жеңімпаздарын анықтады. Сонымен, бірінші орынға ҚазҰУ-дың "Әл-Фараби", екінші орынға ҚазҰУ-дың «Smarthouse», «Болашақтыңноваторлары» Т.Рысқұлов атындағы жаңа экономикалық университеті, Каспий Мемлекеттік университеі "Бірлік", Т.Рысқұлов атындағы жаңа экономикалық университеті "Новое поколение" және ҚазҰТУ-дың "ГиМУ-сила" командалары ие болды. Олимпиада жеңімпаздары демеушілер тағайындаған сый-сияпаттармен, диплом, сертификаттармен марапатталды.
Менеджмент және маркетинг кафедрасы