ТДМ: Әл-Фараби атындағы атындағы ҚазҰУ студенттеріне.

15 желтоқсан, 2023

2023 жылдың 15 желтоқсанында «Шетел тілдері» кафедрасының оқытушысы, магистрант Мырзабаева Айжан Жүсіпқызы TДМ1: кедейлікті жою бағдарламасы аясында аз қамтылған студенттерге Teams платформасында кезекті шет тілі сабағын өткізді. Сабақ барысында студенттер «Innovation is Great» тақырыбымен жұмыс істеді, ағылшын тіліндегі мәтінді оқып, ол бойынша тапсырмаларды орындады, ағылшын тіліндегі  English 4you платформасында әртүрлі жаттығуларды орындау арқылы грамматиканы бекітті. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту үшін оқушылар жаңа сабақтың сөздік қорын пайдалана отырып, сабақтың тақырыбын талқылады. British Council платформасынан сабақ тақырыбы бойынша бейнероликті көрумен және көргендерін талқылаумен аяқталды.