Ракишева Ботагөз Ислямқызының «Халықаралық салыстырмалы социологиялық зерттеулер: әдістемесі, нәтижелері, болашағы» тақырыбында қонақтық дәрісі

22 желтоқсан, 2023

22 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде Ракишева Ботагөз Ислямқызының «Халықаралық салыстырмалы социологиялық зерттеулер: әдістемесі, нәтижелері, болашағы» тақырыбында қонақтық дәрісі өтті.

Ракишева Ботагөз Ислямқызы, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, Қоғамдық пікірді зерттеу институтының директоры, Еуропалық нарық пен қоғамдық пікірді зерттеу қоғамының (ESOMAR) мүшесі, Дүниежүзілік қоғамдық пікірді зерттеушілер қауымдастығының (WAPOR) Қазақстандағы ұлттық өкілі, Қоғамдық пікірді зерттеу институтының басшысы Қазақстандағы World Values Survey-7 жобасы, «Түркбарометр» жобасының авторы.
Ракишеванің дәрісі аясында Б.И. халықаралық социологиялық зерттеулердегі жаңа тәсілдер туралы айтты, сонымен қатар халықаралық жобаларды басқару мен жүзеге асыруды ұйымдастырудағы тәжірибесімен бөлісті.