Шетелдік студенттер рухани демалыста
Мәдениет ошағы, өнердің қайнар бұлағы - театр десек, театрға барып қойылым тамашалау адам жанын рахатқа бөлері сөзсіз.
Осыған орай ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ «Рухани жаңғыру» апталығы, «Өлкетану» клубы және тұрақты даму мақсаттардың (ТДМ -11) аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің, ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ тыңдаушылары Алматы қаласында орналасқан шоқтығы биік, үлкен мәдениет орындарының бірі, М.О. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік дарама театрына барып, «СЫҒАН СЕРЕНАДАСЫ» атты қойылымын тамашалап ерекше әсерге бөленіп, рухани демалып қайтты.
Бұл қойылымнан тыңдаушылар Шәмші Қалдаяқовтың жүрек тебірентер әндерінің шығу тарихын біліп қайтты десек артық емес. Әуенге толы драманың қойылымы олар үшін өте әсерлі өтті.