«FARABITANU» АЙДАРЫ – «ТАЛПЫНЫС ТӘЖІ – ТАБАНДЫЛЫҚ»

19 желтоқсан, 2023

Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби туралы білмейтін адам кемде-кем. Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің қанатты сөздері көп. Онда көтерілген мәселелер әлі күнге өз маңыздылығын жойған жоқ. Міне сондықтан да бабамыздың құрметіне ҚазҰУ-дың ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІ киелі шаңырағымыз әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 90 жылдық мерей тойына арнап әлеуметтік желілердегі парақшасынан «FARABITANU» айдарын ұсынып отыр. 1934 жылы 15 қаңтарда негізі қаланған жоғары оқу орны алғашында С.М.Киров аталып, 1991 жылдан бастап Әл-Фараби есімін алған. Осыған орай университетімізде Әл-Фарабидің ғибратты сөздерін насихаттайтын арнайы айдар жүргізу біз үшін үлкен мәртебе! Ұлы бабамыздың қанатты сөздерін жас ұрпаққа аманаттау біздің басты мақсатымыз.