ҚазҰУ-да АӨСШК даму бағыттары талқыланды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) өтті.
Ұйымның ағымдағы жылда атқарған жұмыстары мен алдағы даму бағыттарын талқылауға арналған сараптамалық кездесуді ҚазҰУ мен АӨСШК бірлесіп ұйымдастырды.
Қатысушылар 2022 жылдың қазан айында өткен АӨСШК VI саммитінде қаралған мәселелерді талқылап, ұйым қызметінің негізгі бағыттары талқыланды.
Іс-шара аясында сарапшылар Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шараларына тікелей қатысушылардың нәтижелі жұмыстарының қорытындыларымен танысты. Өз кезегінде сарапшылар АӨСШК қызметінің тиімділігін арттыру, ел ішінде де, халықаралық аренада да маңыздылығы мен ықпалын күшейту туралы пікірлерді ортаға салып, ұсыныстарымен бөлісті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі