ҚазҰУ қызметкерлерінің балаларына жаңажылдық сыйлықтар берілді

27 желтоқсан, 2023

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағы дәстүр бойынша университет қызметкерлерінің балаларына тәтті сыйлықтар табыс етіп, бүлдіршіндерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Биыл тәтті сыйлықтар 2800-ден астам балаға берілді. Кәсіподақ төрағасы Талғат Мекебаев бүлдіршіндермен жұмыс істеу кәсіподақ міндеттерінің маңызды бөлігі деп атап өтті.

Сыйлықтарды кәсіподақ мүшесі, «Аяз Ата» – Жандос Құмғанбаев таратты. Жаңажылдық сыйлықтар тиелген арнайы автобус барлық факультеттер мен корпустарды аралап шықты. Әрбір аялдамада балалар Аяз Атаны қарсы алып, өз өнерлерін көрсетіп, сыйлықтарын алды.Жаңа жылды балалар жақсы көңіл күймен қарсы алатынына сенімдіміз.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі