ҚазҰУ Чаньань университетімен серіктестікті дамытады

28 желтоқсан, 2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Чаньань университеті халықаралық білім беру мектебінің деканы Чжан Вэй бастаған делегация арнайы жұмыс сапарымен келді.

Қонақтармен Халықаралық ынтымақтастық және интернационалдандыру департаментінің директоры Салтанат Жақыбаева кездесіп, ынтымақтастықты дамыту бойынша өзара пікір алмасты.

Департамент басшысы меймандарға ҚазҰУ-ға арнайы жұмыс сапарымен келгені үшін алғыс білдіріп, ЖОО-ның қызметімен таныстырды. Сондай-ақ өз сөзінде Салтанат Жақыбаева қос университет ғылым мен білім саласы бойынша серіктестікті дамыту қажет екенін айтты.

Өз кезегінде Чжан Вэй мырза Чаньань университеті ректорының сәлемін жеткізіп,  ҚазҰУ-мен серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екендіктерін жеткізді.

Кездесу соңында тараптар естелік сыйлықтармен алмасты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі