«ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ САҚТАУ – ҚОЛЫМЫЗДА!»

25 желтоқсан, 2023

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНДА Болон бағдарламасымен білім алып жатқан  шетелдік тыңдаушыларға кураторлар Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың, БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-қимылдарға шақыру туралы баяндамасы аясында іс-шара өткізді. "ТДМ 13: Климат, оның өзгеруі мен тұрақты дамуын" басшылыққа ала отырып қоршаған ортаны қорғаудың маңыздығымен қатар, әлемдік ауқымдағы өнеркәсіп орындарының зиянды әсері туралы талқылау жүргізілді. Тыңдаушылармен бірлесіп Республика Президентінің жолдамасының басты тезистері талқыланды. Шетелден келген тыңдаушылар климаттың өзгеру мәселесі бойынша және табиғатты қорғауға бағытталған идеяларымен алмасты.