А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасының ғалымы ғылыми жоба аясында Бакуде болды.

12 желтоқсан, 2023

А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры А. Салқынбай «Әлемдік рухани құндылықтар: Абай шығармашылығындағы адамзатты сүю идеясы» [ИРН AP14871410/ГҚ] 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми жобасының күнтізбелік жоспары негізінде 9 желтоқсан мен 12 желтоқсан арасында Баку қаласында Әлемдік түркі халықтарының жас жазушылар Одағының шақыруымен ғылыми іссапарда болды.

Ғылыми іссапар барысында мынадай шаралар жасалды:

1. Әлемдік түркі халықтарының жас жазушылар Одағында жас жазушылармен кездесіп, Абай шығармашылығындағы «адамзаттың бәрін сүю» идеясы туралы баяндама жасалды. Кемеңгер ақынның ұлттың рухани болмысында бірегейлік пен таным тұтастығын қалыптастырудағы рөлі, шығармашылығындағы рухани құндылықтардың негізділігі, эстетикалық талғам мен үйлесімі, адами құндылық концепциясының қағидаларын лингвофилософиялық және лингвомәдени бағытта талданып,  сұрақтарға жауап берілді. 

2. «Әлемдік рухани құндылықтар: Абай шығармашылығындағы адамзатты сүю идеясы» жобасына жаңа деректер жинау мақсатында  Баку қаласындағы Президент кітапханасында болып, ғылыми материалдар жинақталды;

3. Бакудегі Президент кітапханасындағы және Азербайжан Ұлттық кітапханасындағы Абайға қатысты жазылған деректер жинақталды. Абай аудармасының аздығы, аударма сапасының көңілге қонымсыздығы айқындалды.

4. Азербайжан Президент кітапханасында және Азербайжан Ұлттық кітапханасында Қазақ әдебиеті мен қазақ тілі туралы азербайжан тіліндегі деректер тым жұпыны екені байқалды.

5. Қазақ тілі мен тарихына қатысты бірнеше кітап апарып тапсырылды.