"ЖОО үздік оқытушысы-2023" байқауының жеңімпазы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының профессоры Мамурова А.Т.

28 желтоқсан, 2023

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің басшылығымее Қазақстанның 43 жоғары оқу орнынан 150 жеңімпаз анықталды. Оқытушылардың қызметі жұмыстың екі бағыты бойынша бағаланды - оқыту сапасы және ғылыми-зерттеу қызметі. Мамурова Асем Тлеужанқызының ғылыми ізденіс жолында алынған нәтижелері 78-ғылыми еңбектерде жазылып, баспада жарық көрді, олардың 1- монография. ҚР Білім және ғылыми министірлігінің  «Оқулық» республикалық ғылыми практикалық орталық қолдауымен  «Дәрілік өсімдіктер» 1-оқулығы жарық корген. Рейтінгі жоғары басылымдарда шетелік ғалымдармен бірлесе жасаған жоба аясындағы мақалалары жарық көрген. Соңғы 3-жылда 50-ден астам ғылыми еңбектері жарияланған, оның ішінде 10-ы жоғары импакт - факторлы басылымдар, Thomson Reuters – 5, Scopus – 5, Q1- 3-мақала жарық көрді, Q2-1 мақала, Q3-4 мақалалары жарық көрген. Индекс Хиршасы – 4. 

2023 жылы Үздік оқытушы ретінде біздің әріптесіміз - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының профессоры,  Биология ғылымдарының кандидаты Мамурова Асем Тлеужановна танылды. Жеңімпаздар үздік шетелдік жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өтуге, біліктілігін арттыруға және өздерінің ғылыми-білім беру жобаларын іске асыруға мүмкіндік беретін грант алды.   Кафедра ұжымы жылдың үздік оқытушысын құттықтай отырып, осы атаққа ие болып жатқандығын қуанышпен атап өткісі келеді және Асем Тлеужанқызына жоспарланған мақсаттар мен жобалардың сәтті іске асуын тілейді. Әріптесімізге толағай табыстар мен жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz