ҚазҰУ ғалымдарының 10 ғылыми жетістігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жалпы құны 8,1 млрд теңге болатын 400 ғылыми жоба іске асырылуда.
Бірінші. «Заманауи аналитикалық әдістер мен модельдеу құралдарын пайдалана отырып, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының ауасының сапасын жақсарту бойынша ғылыми-зерттеу бағдарламасын әзірлеу». Жоба жетекшісі – доцент, PhD Н.Х.Байматова.
Зерттеу кезеңінде Алматы және Астана қалаларының ауасында органикалық қосылыстардың концентрациясы анықталып, зерттеліп, олардың көздері анықталды. «Атмосфералық ауа сапасының мақсатты көрсеткіштері» және «Қоршаған орта сапасының мақсатты көрсеткіштері (ETQI)» анықтамалары Қазақстан заңнамасының контексінде қарастырылады. Жоғарыда аталған барлық зерттеулердің нәтижесінде ауаның сапасын жақсартудың ғылыми негізделген бағдарламасы ұсынылып, әзірленді.
Екінші. «Қазақстанның табиғи және техногендік шикізатынан инновациялық өнім өндірудің экологиялық таза технологияларын дамыту» жобасы. Жетекшісі – профессор М.Қ.Наурызбаев.
Үлгіні дайындау және бастапқы зерттеу объектілеріне талдау жүргізілді. Құндыбай кен орнындағы кенді шаймалау, сілтісіздендіру қоспасының сипаты мен құрамы сарапталды. Фосфогипсті конверсиялаудың оңтайлы шарттары анықталды. Бірқатар ион алмастырғыш шайырлармен модельдік және технологиялық ерітінділерден ренийдің сорбциясы талданды. Пайдалы модельдер мен өнертабыстарға үш патент алды.
Үшінші. «Қазіргі заманғы энергетика мәселелерін шешу және жаңа функционалдық материалдар алу мақсатында плазма физикасының іргелі және қолданбалы мәселелерін, плазма тәрізді орталарды зерттеу». Жоба жетекшісі – профессор Т.С.Рамазанов.
Кварк-глюондық плазма үшін фазалық ауысу теориясы зерттелді. Тығыз плазманың тоқтау күші және басқа динамикалық сипаттамалары зертханалық және астрофизикалық жағдайларда анықталған. Плазма бөлшектерінің өзара әрекеттесуінің әзірленген үлгілері негізінде жүйенің әртүрлі қасиеттері зерделенді. Электр доғалық разрядтағы фуллерендер синтезі бойынша жұмыстар жүргізілді. «Таза» энергия өндірудің тиімді әдістерін құру мақсатында төмен көмірдің төмен температуралы плазмасын пайдалана отырып, жануды күшейтудің заманауи технологиясын құру және оны энергетикалық секторға енгізу бойынша ұсыныстар берілді.
Төртінші. «Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлік қоры «Өндірістік сектор консорциумдары: құзырет орталықтары» гранттық бағдарламасының жеңімпазы атанды. Бұл маңызды қадам Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өнеркәсіптік робототехника және роботтандыру саласындағы инженерлік құзыреттілік орталығын ұйымдастыруға және дамытуға мүмкіндік береді. Жетекшісі – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Инженерлік және жоғары технологиялар кластерінің бас директоры, PhD докторы А.А.Темірбаев.
Бесінші. «Оңтүстік Азиядағы (Ауғанстан, Үндістан, Пәкістан) ұлттық құрылыстың этникалық, этно-конфессиялық дискурсы» жобасы.
Осы жоба аясында Британ кітапханасындағы India Office Records мұрағатының жинақтары зерттелді, Лондондағы (Ұлыбритания) Африка және Азия зерттеулері мектебінің (SOAS) зерттеушілерімен кеңестер өткізілді. Ғылым комитеті ұсынған журнал редакциясында ғылыми мақала дайындалды.
Алтыншы. «Түркі тілдеріне ортақ фразеологизмдердің лексикографиялық жүйесі». Жоба жетекшісі – филология ғылымының докторы, профессор, Түркология және тіл теориясы кафедрасының меңгерушісі Р.Авакова.
Жұмыс барысында ғылыми кітапханаларда және электронды ресурстарда жалпы түркі фразеологиялық бірліктерінің картотекасынан (қазақ, қарақалпақ, ноғай, татар, қырым татары, қарашай, балқар, башқұрт, түрік, түрікмен, әзірбайжан, өзбек, ұйғыр, қырғыз, алтай, чуваш, якут, тува, хакас, сары ұйғыр) соматикалық компоненті «бас» фразеологиялық бірліктер негізінде олардың фраземалары таңдалып, картотекасы қалыптастырылды.
Түркологтердің лексикографиялық еңбектерінің библиографиялық деректері мен соматизмнің тек тақырыптық деректері жинақталып, лексика-семантикасы жүйеленді. Әлемдік және қазақ түркологтерінің еңбектерін талдау негізінде «ортақ түркі фразеологиялық бірліктер» ұғымының әдіснамалық тұжырымдамасы жасалды.
Жетінші. Ағымдағы жылы ҚазҰУ ғалымдары бағдарламалық нысаналы қаржыландыру байқауында 4 млрд теңге көлеміндегі мегагрантты жеңіп алды. Ғылыми жетекшісі – география ғылымының докторы М.Асқарова.
Ауқымды жоба Батыс Қазақстан өңірінің тұрақты экологиялық-әлеуметтік-экономикалық дамуы мен су ресурстарын ұтымды пайдалануға арналған маңызды міндеттерді шешуге бағытталған.
Сегізінші. «Қазіргі заманғы геосаяси реалиі және олардың Орталық Азия жастары арасында діни радикализм идеяларының таралуына әсері: жаңа тенденциялар және халықаралық тәжірибе». Жоба жетекшісі – профессор К.И.Байзақова.
Идеологиялық ықпалдың таралу себептерін анықтауға бағытталған кешенді ғылыми зерттеу жүргізілді. Орталық Азия елдерінің жастары аясында трансұлттық діни-экстремистік ұйымдар және халықаралық тәжірибе мен осы саладағы жаңа тенденцияларды талдау назарға алынды. Өңірлік және ұлттық қауіпсіздік жүйесін құрайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына ұсынымдар дайындалды.
Тоғызыншы. «Қазақстандағы айналмалы экономиканың дамуы: әлеует, тенденциялар, перспективалар». Жоба жетекшісі – PhD докторы, доцент Ақнұр Жидебекқызы.
Жобаның мақсаты – Қазақстан Республикасында макро, мезо және микро деңгейлерде айналымдық қағидаттарды тиімді қолдану және тарату бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін «айналмалы экономика» тұжырымдамасын зерттеу және жан-жақты талдау.
Нәтижесінде Қазақстанда айналмалы экономиканы дамыту бойынша ұсыныстар әзірленді. Ұсынылған ұсынымдар қалдықтардың түзілуін азайту, ресурстарды үнемдеу және тұрақты экономикалық өсуге жәрдемдесу арқылы айналмалы экономикаға көшуді жеделдетеді.
Оныншы. «Ортағасырлық Қышқала (Баршынкент): Алтын Орда дәуіріндегі қалалық мәдениет контексінде». Жетекшісі – профессор М.Елеуов.
Мақсаты – ортағасырлық Қышқалада археологиялық және пәнаралық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ескерткіштің қалыптасу, даму тарихын анықтау, қорғау, сақтау шараларын ұйымдастыру. Алтын Орда дәуіріндегі қалалық мәдениет контексі ретінде туристік нысанға айналдырудың алғышарттарын жасау.
Қышқала тарихына қатысты ғылыми деректер жиналып, зерттелу тарихы жазылды. Ортағасырлық Қышқала аумағында археологиялық барлау жұмыстары жүргізіліп, жаңадан сегіз ескерткіш ашылып, бұрыннан белгілі 12 ескерткіш бойынша деректер алынды. Сонымен қатар үш кесене, екі қоғамдық орын, екі тұрғын үй құрылыстары ашылып, зерттелді.
Әл-Фараби атындағыт ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі