ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

31 желтоқсан, 2023
  • Жансейіт Түймебаев ғалым, механика-математика факультетінің  профессоры Күләш Қалиевамен кездесу өткізді. Ректор профессормен бірге Қазақстандағы қытайтану мәселелері мен ғылыми зерттеу бағыттарын, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
  • Республикалық «Қазақ үні» газеті мен Qazaquni.kz ұлттық порталы 2023 жылғы «Жыл адамын» анықтады. Сауалнама қорытындысы бойынша «Жыл ректоры» атағына Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Қансейітұлы лайық деп танылды.
  • ҚазҰУ басшысы қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.