Ел үміті - болашақ әділ, жаңарған Қазақстан

3 қаңтар, 2024

Жаңа жылдың басында Президент Қ.К. Тоқаевтың газет журналистеріне  берген сұхбатын ел алдында есеп беру деп қабылдауға болады. Бұл сұхбатта Президентіміз өткен жылдарда атқарылған  іс-шаралармен қатар, болашақ еліміздің өркендеуінің алғы шарты болып табылатын келелі мәселелерге жан жақты тоқталды. Өткен жылдардағы елімізде болған саяси оқиғалардан да сабақ ала отырып, олардың туындаған себептерін де ашық айтып, оған әділ де шын бағасын беріп, экономикалық, қоғамдық-саяси және гуманитарлық салаларда атқарылатын жұмыстың негіз­гі бағыт-бағдарын айқындап берді.  Президент өз сұхбатында қарапайым халықты, ел-жұртты толғандыратын шешімін таппай келе жатқан келелі мәселелер қамтып, шешімі кезек күттірмейтін өзекті мәселелер тыс қалған жоқ және халықтың көкейінде жүрген көп сұрақтарға жауап берді. Әрине, осы діттеген орасан үлкен жұмыстарды атқаруға еліміздің тыныш, халқымыздың бірлігі нәтижесінде ғана қол жеткізуге болатынын әрбір елін сүйетін азамат түсінеді және ат салысады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология факультетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Баймуратова Ираш Амановна