- Басты бет
- Жаңалықтар
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» атты Егемен Қазақстан газетіне берген сұхбатында 2023 жылдағы еліміз үшін маңызды оқиғаларға тоқталып өтті. Бірінші мәселе, негізгі саяси реформаларды аяқтап, Конституциялық Сот жұмысын бастағанын, Еліміздің экономикасын жақсарту, бизнесті қолдау, инвестиция тарту жұмыстарын атап өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінде білім ошақтары, оның ішінде, «жайлы мектептер» көбеюде. Ауылдарда денсаулық сақтау нысандары салынып жатқаны. Әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтарға кешенді түрде қол¬дау көрсету үшін Әлеуметтік кодекс қабылданды. Зиянды еңбек жағ¬дайында жұмыс істейтін азамат¬тар үшін арнайы төлемақы енгі¬зіл¬ді. Табиғатты қорғауға жауапты ме¬ке¬мелердің қызметкерлеріне олар¬дың өмірі мен денсаулығына төне¬тін қауіп-қатерге қатысты үстеме¬ақы төленетін болды. Медицина қыз¬мет¬керлерінің, мектепте, колледж¬де және балабақшада жұмыс істейтін педагогтердің жалақысы өсті. Ұлттық қордан балаларға қаржы беру мәселесін реттейтін заң күшіне енгені. Сонымен қатар, негізгі экономикалық көрсеткіштерді, оның ішінде инфляция деңгейін ескере отырып ең төменгі жалақыны анықтайтын әдістеме қабылданғаны туралы айтып өтті. Әрі осы айтылған жұмыстың бәрі де 2024 жылы жалғасын табатынын атап өтті. Президент сұхбат барысында 2024 жылы елімізде бірқатар ауқымды саммит, форумдар өтетінін, Қазақстан бірнеше беделді халықаралық ұйымға, атап айтсақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске, Түркі мемлекеттері ұйымына, Аралды құтқару халықаралық қорына, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына төрағалық ететін айтты. Биыл әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаев¬тың туғанына 125, даңқты батырлар Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақым¬жан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл то¬луы орай да іс-шаралар болатынын айта кетті. Сөз соңында Қ.Тоқаев болашақ жастарға үлкен үмітпен сенім арта отырып, озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек деп сеніммен айтты.
Филология факультеті, Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. С.Б.Ержанова