Тұрақты даму және ESG: жаһандық сын-қатерлер, ұлттық басымдықтар, тиімді шешімдер

8 қаңтар, 2024

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінің "Экономика" кафедрасы “Тұрақты даму және ESG: жаһандық сын-қатерлер, ұлттық басымдықтар, тиімді шешімдер” атты Халықаралық қысқы мектеп -2024 ұйымдастырды.

Халықаралық қысқы мектеп 2024 жылдың 8 мен 19 қаңтары аралығында онлайн форматта өтеді. Бұл мектепте АҚШ, Сербия, Таиланд, Қытай, Италия, Индонезия, Украина, Өзбекстаннан келген профессорлар және ҚазҰУ-дың Экономика және экономика жоғары мектебінің экономика кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы дәріс береді. Бұл мектепте Қытайдың Northwest A&F University магистранттары, сондай-ақ Украинаның докторанттары мен магистранттары және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысады.