V халықаралық ғылыми және оқу-әдістемелік конференция: «Lifelong learning paradigm in the system of Kazakhstani education for sustainable development: perspectives and practice» (Тұрақты даму мүддесі үшін Қазақстандық білім беру жүйесіндегі үздіксіз даму парадигмасы: тәжірибе мен перспективалар)

15 наурыз, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті филология факультетінің «Шет тілдер» кафедрасы ұйымдастыратын «Lifelong learning paradigm in the system of Kazakhstani education for sustainable development: perspectives and practice» (Тұрақты даму мүддесі үшін Қазақстандық білім беру жүйесіндегі үздіксіз даму парадигмасы: тәжірибе мен перспективалар) атты ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған V халықаралық ғылыми және оқу-әдістемелік конференция жұмысына қатысуға ғылыми қызметкерлерді, зерттеушілерді, жас ғалымдарды, докторанттарды және магистранттарды шақырамыз.

Конференцияның мақсаты – жас зерттеушілерге заманауи ғалымға қажетті дағдыларды қалыптастыруға, соның ішінде өз зерттеулерін ұсынуға, пікірлерімен, көзқарастарымен, ойларымен бөлісуге, өздерін қолдайтын және ынтымақты ортада кері байланыс алуға мүмкіндік беру.

Негізгі спикерлер:
1. Анатолий Леонидович Бердичевский, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, еуропалық жобалардың жетекшісі, Вена, Австрия.
2. Кристофер Кортен, профессор, Познаньдағы Адам Мицкевич атындағы университетет, Польша.
3. Куршат Джесур, Чанаккале Онсекиз Март Университетінің доценті, Түркия.
4. Паула Оржеховская, профессор, Эберхард және Карл атындағы Тюбенген университеті, Германия. Конференция 2024 жылдың 15 наурызында сағат 13.00-де Астана уақытымен онлайн форматта «ZOOM» платформасы арқылы өтеді. Барлық конференцияға қатысуға өтініш білдірушілерге сілтеме қосымша жіберіледі.

Конференцияға қатысу өтінішін және мақаланың толық мәтінін тапсыру мерзімі – 2024 жылдың 1 наурызына дейін (өтініш формасы 1 қосымшада,
мақалаға қойылатын талаптар 2 қосымшада) Ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына жіберілуі қажет:
 session1.kaznu@mail.ru (1 секция),
 session2.kaznu@mail.ru (2 секция),
session3.kaznu@mail.ru (3 секция).
Конференцияға мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілінде қабылданады. Электрондық *pdf форматындағы материалдар жинағы шығарылады.  Конференцияға баяндама жасап қатысқандарға *pdf форматында сертификат беріледі. Конференция бағыттары:
Секция 1: Физика-техникалық ғылымдар және технологиялар: физика, математика, механика, ақпараттық технологиялар.
Секция 2: Жаратылыстану ғылымдары: химия, биология, медицина.
Секция 3: Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар: филология және лингвистика, тарих, археология, этнология, заң, экономика ғылымдары, философия, дінтану, туризм.

Қосымша ақпарат алу үшін ұйымдастыру комитетіне төмендегі телефондар арқылы хабарласа аласыздар:

+7 7013915182 Гаийпова Гулипа Абдырайимовна (1 – секция )

+7 7015127774 Уразгалиева Светлана Аманжоловна (2 – секция)

+7 7013364017 Тектибаева Диана Джумабаевна (3 – секция)

Конференцияға қатысу ТЕГІН.