Тұрақты даму және ESG: жаһандық сын-қатерлер, ұлттық басымдықтар, тиімді шешімдер

10 қаңтар, 2024

Халықаралық қысқы мектеп - 2024 бағдарламасы бойынша 10 қаңтарда жұмысын жалғастырды.

Бүгінгі спикеріміз – ҚазҰУ Экономика жоғары мектебінің «Экономика» кафедрасының доценті Байтанаева Бақыт Амантаевна.

Байтанаева Бақыт Амантайқызының ғылыми-зерттеу институтында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда Министрлігінде, Халық банкінде, Қазтұтынуодағына қарасты жеке компанияда және т.б. жұмыс тәжірибесі бар. Жалпы педагогикалық өтілі 25 жылдан астам.

Оның баяндамасында компанияның даму стратегиясын әзірлеу және оның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері көрсетілген.

Келесі сөз кезегі Наталия Анатольевна Дзюба, HRM бизнес академиясының негізін қалаушы және директоры. Ұлыбританиядағы аккредиттелген адам ресурстарын басқару бағдарламасының Chartered Institute of Personnel and Development (CIPD) мүшесі. ECF мүшесі – Еуропалық коучинг федерациясы. USAID-тің Украинадағы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жоба менеджері. SMS вице-президенті – Украина. «Booster&Development» консалтингтік компаниясының басшысы.

15 жылдан астам ірі украиндық және халықаралық компанияларда персоналды дамыту тәжірибесі. Тәуекелге негізделген жоспарлау және шығындарды оңтайландыру және жеңілдету (қызметтер, өндіріс, логистика, сату, тарату, білім беру) бойынша жүйелі түрде стратегиялық сессияларды өткізеді.

Баяндаманың тақырыбы: «Адам ресурстарының тұрақтылығы және оның бизнесті дамытуға әсері».